KZ

Главная страницаПедагогическая мастерская - статьи
БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ НЕГІЗІ
БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ НЕГІЗІ
09 июля 2015    Автор / «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім теориясы мен мазмұны лабораториясының жетекші ғылыми қызметкері Әкімбаева Ж.Ж.

Бүгінгі таңда еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын асқақ жетістіктермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрып отырғандықтан еліміздің білім беру жүйесі де бүкіл әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс. Ал бүкіл әлемдік білім кеңістігінде  адам мүмкіншілігінің шексіздігін, өзін-өзі дамыту қабілетіне  деген сенімі мен ерік бостандығын мойындау, абыройын қорғау және адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен  сұраныстарын қамтамасыз ету негізгі мақсаттардың бірі.

Сондықтан біздің білім жүйесі тек қана академиялық білім беруге ғана құрылмай,   адамдар арасындағы қарым-қатынастың сүйіспеншілікке негізделуі, олардың ар-намысын, абыройын, ұжданын құрметтеу, адамгершілік тұрғыда қамқорлық жасау,  қадірлеуге үйретуге бағытталуы тиіс.




Десек те, біздің қалыптасқан дәстүрлі білім беру жүйесінің гуманистік сипатта   болғанын жоққа шығармаймыз. Алайда, дәстүрлі білімнің негізгі мақсаты, мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдері мен өзіндік құралдары болды. Дәстүрлі білім беру мен гуманистік білім беруді өзара салыстырып қарайтын болсақ, өзара ұқсастық пен айырмашылықты байқауға болады. (1-кесте)

1-кесте

Дәстүрлі және гуманистік білім берудің негізгі идеялары мен принциптерінің салыстырмалы сипаттамасы


Дәстүрлі білім беру  Дәстүрлі білім беру
Адам – құрал
 Адам–мақсат
 Адамды ғылымға және өндіріске тарту  Адамды қоғамда толыққанды тәуелсіз өмір сүруге тарту
 Білім, білік, дағдыны қалыптастыру  Тұлғаның өзін-өзі тану, дамыту механизмі мен рухани, танымдық белсенділігін қалыптастыру
 Әрекеттің үлгісін меңгерту  Шығармашылық әрекетттің тәжірибелері
 Үлгі бойынша әрекет ету механизмі  Шығармашылық механизм
 Шығармашылық механизм  Ішкі себептермен болған дамуға, шығармашылыққа сүйену
 Орта үлгерімге бағдарлану Әрбір жеке адамның ерекшеліктерін ескеру, сүю, құрметтеу
 Әрекеттің нәтижесін бағалау  Бағалау жеке тұлғаның дербестігі шығармашылықпен өзін-өзі дамыту мақсатында
 Бағалау әлеуметтік-нормативтік  талаптар негізінде  Бағалау жеке тұлғаның құндылықтары мен өзін-өзі бағалау тұрғысында
 Жеке тұлға  ұжымға көп тәуелді
 Жеке тұлғаның дербестігі мен еркіндігі
 Мінез-құлқы мен жеке басты түзеуге ұмтылу  Мінез-құлқы мен жеке басты түзеу оқушының  тұлғалық бейнесін ескере отырып жасалынады.


Дәстүрлі және гуманистік білім берудің негізгі идеялары мен принциптерінің салыстырмалы сипаттамасынан шығатын қорытынды бүгінгі қоғам талап етіп отырған тұлға, яғни өздерінің дене және рухани күштерін жете бағалайтын, өз тілегі мен сезімін қажетті арнаға бұра алатын, өзіне талап қоя алатын, өз күшіне, өз қабілетіне, өмірлік мақсаты мен міндетіне жету жолындағы мүмкіндігіне сенімді, отанын, елін-жерін сүйетін, адамгершілік құндылықтары қалыптасқан толық адамды тәрбиелеу үшін,  білім беру жүйесін ізгілендірудің  қажеттілігі.

Жалпы ізгілендіру дегеніміздің өзі –адамның жеке тұлға ретінде құндылығын танитын, оның ізгі қасиеттері мен даму еркіндігін қорғаумен сипатталатын, адамдар арасындағы қатынастардың теңдігі мен әділеттілігі ұстанымдарына сүйенетін  көзқарастар жүйесі.

Білім беру жүйесін ізгілендіруде жалпы білім беудің  мақсаты, мазмұны, принциптері, педагогикалық іс-әрекет мәселелері гуманистік және гуманитарлық танымға бағытталуы тиіс.

Сонымен қатар, бәсекеге қабілетті, өз бетінше ойлап, шешім қабылдай алатын, ұрпақты тәрбиелу үшін балаға тәрбие беретін ортасы мен  ұстаздарының қарым-қатынасы демократиялық яғни,  оқушының өзіндік «Мен»-ін әлеуметтік ортамен сәйкестендіре алатындай сипатта болуы керек. Жалпы педагогика мен психологияда адамдардың қарым-қатынасы үш түрлі сипатта өрбіп отыратынын білеміз. Атап  айтсақ, гуманистік, авторитарлық, либералдық (бейберекет). Енді осы қарым-қатынастарға жеке жеке тоқталып, оның балаға қалай әсер ететіндігіне яғни соңғы нәтижесіне зер салайық.  (2-кесте).

2-кесте



 Қарым-қатынастың сипаты  Үлкендердің іс-әрекеті

Оқушының

 іс-әрекеті
 

Соңғы нәтижесі

 Гуманистік Ата-ана немесе педагог      тәрбие  үдерісінде балалардың  қызығушылығы мен белсенділігін үнемі  ескереді.   

Балалар барлық іс-әрекетке белсене  қатысады

Балалар өз пікірлерін ашық айтады, ынта-жігерін жасырмауға үйренеді. Белсенді. Өз бетінше дұрыс әрекет

ете алады.  
 Авторитарлық  Ата-ана немесе педагог  балалардың белсенділігін шектеп, тек өз беделінің  күшімен ғана  басқаруға тырысады.  

Балалар барлық іс-әрекеттен  тысқары қалады.

 Балалар бойында қорқыныш, үрей сезімдері басым, қорқақ, ынжық. Ата-ананың, педагогтың алдында тәртіпті көрінгенімен басқа жерлерде түрлі тәртіпсіздіктерге барады.
 Либералдық (бейберекет)  

Ата-ана немесе педагог күнделікті жұмыстарды ұйымдастыруға көп көңіл бөлмейді. Өзін көптің бірі ретінде сезінеді.

 

Балалардың  істері жүйесіз, бей-берекет.

 Іс-әрекеттері ойластырылмаған, жүйесіз, пікір бостандығының мөлшерсіздігі сондай, балалар аузы барыншы сөйлеп, аяғы барынша жүреді.



Қорыта келгенде, жас ұрпақты өзгермелі әлемде  кездескен қиындықтарды ар-ұжданмен, басқаға қиянат жасамай, адал жеңе алатын, бәсекелестікке қабілетті етіп тәрбиелеуде білім беру мазмұнының құндылықтық әлеуетін күшейтіп, оны ізгілендіру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі екендігі даусыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.                      Қазақстан Республикасы Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы: «Бөбек»ҰҒПББСО, 2006


2.                      Р.Н. Нұрғалиев Философиялық сөздік. 

 

 




comments powered by Disqus