KZ

Главная страницаПедагогическая мастерская - уроки
Мемлекетке құрмет, Отанға деген махаббат
Мемлекетке құрмет, Отанға деген махаббат
24 июня 2014    Автор / З.Қ.Шалғынбаева өзін-өзі тану және арнайы пәндер оқытушысы, «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі, Алматы қ.

«Отан – өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу»                                                          Ахмет Байтұрсынұлы

 

Сабақтың мақсаты: Студенттерге азаматтық пен қазақстандық патртотизм сезімін ұялату; әлемнің тұтастығы, адамның қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімділігі туралы түсініктерін кеңейту,әр ұлт өкілдерімен сыйластық, достық  қарым-қатынас орнату біліктілігін дамыту.

Білімділік мақсаты: Студенттердің  Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту барысында,  адамның туып-өскен жері, атамекені, ел-жұрты, табиғат байлықтары, халқы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы  білімдерін  кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты: Студенттерді  Отан сүйгіштікке, патриотизм мен халықның  тарихын құрметтей білуге, адамгершілікті- еңбекқор болуға,өз Отанына, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Еліміздің мемлекет құндылықтарын  құрметтеу,өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихи білімдерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап,түсіндіру,шығармашылық жұмыс

Көрнекіліктер: ОТҚ, карта, слайд,буклет,қанатты сөздер,ақ қағаздар, ән-күй таспалар.

Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу

Әнұран орындалады

-Түгендеу

-Жаңа сабақ

-Талдау сұрақтары

-Әгімелесу

-Ойтұжырым

-Тыңдайық - ойланайық

-Шығармашылық тапсырма

-Сергіту сәті

-Ғажайып сөздер

-Рефлекция

-Қорытындылау

-Үйге тапсырма

-Жүректен-жүрекке

 Жаңа сабақ  жоспары:

-Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті.

-Қазақстанның мемлекеттік құндылықтары.

-Тәуелсіздік шежіресі.

-Қазақстан -  біздің ортақ үйіміз.

-Қазақтандық патриотизм.

 -Көпмәдниетті әлем.

-Толеранттық,  рухани келісім.

-Отанға деген махаббат.

-Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Оқытушы:   Тәуелсіз ел болу – қазақ халқының ғасырлар бойы аңсап келген ұлы арманы.Қай  халық, қандай ұлт болмасын өз  тәуелсіздігін  аңсайды.  Міне, сол аңсаған арманға жігерлі де қайсар қазақтың ұл – қыздарының арқасында қол жеткіздік. Бүгінгі таңда тәуелсіздіктің арқасында біз өз саясатымызды еркін жүргізіп отырмыз.Соның нәтижесінде бақытты да бейбіт келісімде өмір сүрудеміз.  Енді, міне тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлағалы отырмыз.Осыған орай  өткізгелі отырған «Мемлекетке құрмет,Отанға деген махаббат»  атты ашық сабаққа  қош келдіңіздер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, достар!  Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 20 жыл болыпты. Осы уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті  құндылықтары бар.

Әңгімелесу

- Ел қорғаған  батыр ата-бабаларымыз туралы не білесіздер?

- Тәуелсіздік жолында ерлік көрсеткен батырларымыз туралы не  білеміз?

- Болашақта Отанымыздың  гүлденіп, көркеюі үшін сіз қандай үлес қосар едіңіз?

- Өркениетке барар жолда бізге тарихымызды, салт-дәстүр мен тілімізді білуден басқа қандай  мүмкіндіктер  керек деп ойлайсыздар?

- Өркениетті ел ол қандай ел ? Көз алдымызға елестетейікші?.

Студенттердің жауаптары тыңдалады.

Слайд көрсте отырып дәріс оқылады.

Дәріс

Жоспары:

-Қазастан қоғамының мәні.

-Қазақстан  полиэтникалық мемелекет.

-Төзімділік және рухани келісім.

         1991 жылы желтоқсанда  « Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» заң қабылданғаны белгілі.Енді,міне тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтудің арнайы тұжырымдамасы дайындалды. Егемен еліміздің бүгінгі жарқын жолы жиырма жыл бұрын белгісіздік белең алған бұлыңғыр күндерден бастау алды.Тарихи тұрғыдан қарағанда күрмеуге келмейтін қысқа мерзім ішінде Қазақстан дамыған, нарықтық экономикасы, орнықты саяси жүйесі бар, өз азаматтарының әлеуметтік қорғалуын жақсы жолға қоя алған осы заманғы мемлекет ретінде қалыптасып, Қазақстанды бүкіл әлем мемлекеттері мойындады.

         Қазақстан – Орталық Азиядағы ең табысты мемлекет.

 Еліміз 1997 жылы қабылданған  «Қазақстан-2030» Стратегиясына сәйкес алға басып келеді. Біздің басты мақсатымыз экономиканы жаңғырту болып табылады.

Қазақстан бүгін  бүкіл әлемге прогресшіл интеграциялық бастамалары дәстүрлі түрде таралып жатқан айрықша ел, мұнда саммиттер мен  ізгі ниетті кездесулер өтеді.

        Тәуелсіздіктің 20 жылдық тарихы - тұрақтылықтың, Қазақстан халқының достығы мен келісімінің тарихы. Осы жылдар ішінде этносаралық және конфессияаралық теңдіктің тиімді құқықтық базасы құрылды.

            Бүгінде біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында 140 этнос пен 46 конфессияның өкілдері бейбіт қатар өмір сүріп жатқан  полиэтникалық мемлекет.  Қазақстан қоғамының мәні – әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара түсіністік, төзімділік және рухани, мәдени құндылықтарына құрметпен қарау және қабылдау. Еліміздегі тұрақтылық, азаттық, татулық және ұлтаралық келісім – бұл, бүкіл қазақстандықтардың ділінің, толеранттылығының, достығының,тілектес, мұраттастығының көрінісі.

            Қазақстан - мұсылмандар, православиеліктер, католиктер, протестанттар, буддисттер, иудейлер келісіммен өмір сүріп жатқан әлемдегі бірден-бір ел.

         Қазақстанның ең басты жетістіктерінің бірі қоғамдағы бейбітшілікті, келісім мен тұрақтылықты сақтау, яғни  толеранттылық, келісім мен діни төзімділік. Қазақстанда барлық этностародың еркін дамуы үшін барлық жағдай жасалған.   Оның дәлелі; 108 мектепте 22 этностың тілі дербес пән ретінде оқытылады, ал 88 мектепте оқу өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізіледі, сондай-ақ  Алматыда жаңа Достық Үйі жұмыс істеуде,  ол әншейін үй емес. Онда 19 этно-мәдени орталықтар мен мемлекеттік және ана тілдерін оқып үйрену жөніндегі  9 жексенбілік мектеп орналасқан  нағыз  Достық сарайы.

          Талқылауға арналған сұрақтар:

-Сіздердің   басқа ұлт өкілдерінен достарыңыз бар ма?

-Сіздердің  басқа ұлттың тарихына, тіліне, салт-дәстүріне көзқарастарыңыз  қалай?

-Барлық ұлттарға ортақ қандай  жалпыадамзаттық  құндылықтарды білесіздер?

-Қазақстандық патриотизмді қалай түсінесіздер?

Студенттердің жауаптары тыңдалады.  

 «Отан – адамның  туып – өскен жері, атамекені, ел-жұрты, табиғат байлықтары,  халқы,  қоғамдық және мемлекеттік тілі, мәдениет, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ».( Бауыржан Момышұлы)

Тыңдайық-ойланайық

С.Жүнісовтың « Аманай мен Заманай» романынан  үзінді тыңдалады.

Талдау сұрақтары:

-Қария немересін атамекенге неліктен алып барғысы келді?

-Атамекен, туған жер, атажұрт несімен қымбат?

Түсініктеме:

 Отан – ұлы ұғым. Оны сүю – бүкіл адам баласының парызы.

«Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегіннен-тегін айтыла салмаған. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар.

«Қазақстан – дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбыласы! Қазақстан – әлемдегі барша қазақтың құтты қарашаңырағы! Қазақ баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе де, тұтас қазақ халқының бір бөлшегі екенін біз еш  уақытта ұмытпауымыз керек», – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дүние жүзі қазақтарының IV құрылтайында сөйлеген сөзінде.

Атамекен – ата-бабаның қоныс еткен мекені,туған жер – адамның шыр етіп дүниеге келген жері, ал Отан болса – сенің өсіп-өнген,

тәрбие, білім алған, тіпті сенің азаматтығыңды қорғап, қамтамасыз ететін, саған қамқор болатын мемлекет.

 Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескертеіштері, туған өлкенің тамаша киелі жерлері – жалпы ұлттық құндылықтар , адамды ерекше  жылылық, жақындық, туыстық  сезімге бөлейді.

Шығармашылық тапсырма

Студентер үш топқа бөлініп  «Отан», «Тәуелсіздік», «Бейбітшілік» тақырыптарына  байланысты  жоба  жасап  қорғайды.

Сергіту сәті

Тапсырма бойынша эссе жазып оқыйды.

Даналардан шыққан сөз

Слайд көрсетіледі, талдау жасалады.

«Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу –сатқындық белгісі»,   «Отанда опасызға орын жоқ».  (Б.Момышұлы)

«Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ деп, ер қайратыңа міндағы, өрге бас». ( М. Әуезов)

 «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, ел бірлігін сақтаған татулықты айт». (Жамбыл)

 «Өзінің елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды».                                                                              (Д.Байрон)

Рефлекция

 Отан, туған жер, атамекен туралы өлеңдер оқылады.

Қорытындылау

Слайд көрсетіледі

Ойтұжырым

Әр студент сабақтан  түйген ойларын білдіреді.

Бағалау

Студенттер өзін-өзі бағалайды.

Үйге тапсырма

«Менің Отанға деген махаббатым»  шығарма жазып келу.

Жүркетен-жүрекке

«Отаның үшін отқа түс – күймейсің».    (Б.Момышұлы)

Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін!  Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет - дей отырып сабағымызды   Сөзі: Н. Ә.Назарбаев , Әні: Б. Тілеуханов. «Елім менің» әнімен аяқтаймыз.        

 Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

comments powered by Disqus